сейсенбі, 13 мамыр, 2025 7:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып Нұржан Дербісәлиев тағайындалды

«Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып Нұржан Дербісәлиев тағайындалды
Ашық дереккөз
Ол бұған дейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды

2025 жылдың 23 сәуірінен бастап Нұржан Манасұлы Дербісәлиев Жуалы аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нұржан Дербісәлиев 1987 жылы Жуалы ауданы, Қошқарата ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Отбасылы, үш ұл бала тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын 2009 жылы аудандық басылым редакциясында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында бастаған. 2011 жылдың қазан айынан бастап «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде Аға тілші, ал 2020 жылдың қаңтарынан Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар