Жаңалықтар
Жаңа жылда отшашу атқандар 74 мың теңге айыппұл арқалайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 желтоқсан, 2024
- 237
ІІМ мейрам алдында пиротехника сататын нүктелерді тексере бастады
Төтенше жағдай министрлігі тұрғындарға осындай ескерту жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мереке күндері фейерверктерді тұрғын үйлер мен ғимараттардан кемінде 50 метр қашықта, электр желісінен және көліктерден алыс жерде ату керек. Ескертуді елемеген азаматтарға 74 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Сондай-ақ мамандар пиротехникалық бұйымды сатып алғанда, тауардың сертификатына, жарамдылық мерзімі мен қаптамасының бүтін болуына назар аударуға кеңес береді.