жұма, 3 қаңтар, 2025 17:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Екі мемлекеттен зейнетақы алған». Зейнеткер мемлекетке заңсыз алған төлемін қайтарды

«Екі мемлекеттен зейнетақы алған». Зейнеткер мемлекетке заңсыз алған төлемін қайтарды
Baq.kz
Қайтарылған жалпы сома 8,9 млн теңге мөлшерінде

Қазақстан мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің қос азаматтығы бар қала тұрғыны 10 жыл бойы екі мемлекеттің аумағында бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алып отырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

  • 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы Келісімге сәйкес - қатысушы мемлекеттер шегінде зейнеткер қоныс аударған кезде, егер сол түрдегі зейнетақы зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында көзделсе, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады. Осылайша, зейнетақы төлемдерін Келісімге қатысушы екі мемлекетте бір мезгілде тағайындау мүмкін емес,- делінген хабарламада.

Қала прокуратурасының ден қою актісі бойынша сотпен зейнетақы төлемдерін алушыдан 8,9 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған зейнетақы төлемдері өндірілді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар