дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 21:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
gov.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Жанболат Нұрмолдаұлы тағайындалды

Жанболат Нұрмолдаұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» және «Жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» арқылы Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде уақытша маман болып бастаған.

2013-2015 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз Жастар орталығы» КММ-нің ақпараттық-талдау бөлімінің кеңесшісі, басшысы;

2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы;

2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ ақпарат және талдау бөлімінің консультанты;

2016-24.02.2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

2020 жылы Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы;

2020 жылы Жамбыл облысы әкімі аппараты құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы;

2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

2021 жылдың 20 мамырынан бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы;

2024 жылдың 26 шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасар лауазымында қызмет атқарып келді.

Отбасылық жағдайы: үйленген, бір баланың әкесі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар