
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.
Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.