жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы тұрғынынан 12 келіге жуық гашиш тәркіленді

Жамбыл облысы тұрғынынан 12 келіге жуық гашиш тәркіленді
Сурет: ПД
Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды

Жамбыл облысында «Қарасора-2024» жедел-алдын алу іс-шарасы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Алматы-Қарағанды» автожолының 430-шақырымында «Toyota Sienna» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тінту нәтижесінде  «Тэя» қызметтік итінің көмегімен автокөліктен жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылған, хабарлайды Jambylinfo.kz.  

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар салмағы 12 келі «гашиш» және 170 гр «каннабис шайыры» екені анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар