– Қысқамерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 1 291 адамды оқыту жоспарланды. 2 610 жұмыссыз онлайн оқыту курстарынан өтіп, 2 421-і қолына сертификат алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 21-35 жас аралығындағы өрендерге 2,5 пайызбен шағын несие берілуде. Осы жылға облыс бойынша 362 адамға 1 миллиард 810 миллион теңге көлемінде шағын несие беру қарастырылса, 1 008 азаматқа 1448,6 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспарланды.
Биыл 1 маусымға дейін жұмыс күші тапшы өңірлерге 73 отбасы, 220 адам қоныстанды. Атап өтсек, Павлодар облысына 39 отбасы, Қостанай облысына – 1, Солтүстік Қазақстан облысына – 24, Шығыс Қазақстан облысына – 6, Абай облысына 3 отбасы қоныс аударды, – деді Бекболат Қабылханұлы.
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55 423 тұрғынды қамту жоспарланып, осы мақсатта 4,8 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты. Есепті кезеңде атаулы әлеуметтік көмек 27 661 адамға тағайындалса, бұл бағытқа бөлінген қаржы 1349,4 миллион теңгені құраған. Халықтың осал тобына жататын азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндерге орай, яғни 6 981 азаматқа 899 659 мың теңге біржолғы көмек берілген.
Басқарманың мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Нұрбек Алтынбековтің айтуынша, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау жұмысы жүйелі жүргізілуде. Бүгінде өңірде 45 715 мүгедектігі бар адам тіркелсе, бұл облыс халқының 3,7 пайызын құрайды екен. Мүгедектігі бар адамдарды жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына 4,3 миллиард теңге, әлеуметтік қызметтер алуы үшін 2,2 миллиард теңге бөлініпті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мансап орталығының жұмысы көңіл қуантады
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024