жексенбі, 11 мамыр, 2025 18:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 45 млн теңгеден астам бюджет қаржысы заңсыз пайдаланылған

Жамбыл облысында 45 млн теңгеден астам бюджет қаржысы заңсыз пайдаланылған
istockphoto.com
2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу басталды.

Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекемеде жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 45,2 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлде келмеген балалар үшін заңсыз түрде бюджет қаражатын алып отырған.

Аталған тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар