бейсенбі, 25 шілде, 2024 2:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында анасының салғырттығы салдарынан 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды

Жамбыл облысында анасының салғырттығы салдарынан 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында анасының салғырттығы салдарынан 4 жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды
Баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы Қордай ауданында орын алған. Төрт жасар бүлдiршiн екі көліктің арасына түсіп, ми жарақатын алды. Ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған. Осы жағдайда анасы ұқыптылық танытып, баласына мұқият қарағанда жазатайым оқиғаның алдын алуға болатын еді. Егер ата-аналар мен ересектер балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінсе, олардың әрдайым жақындарының ортасында отыруына себепкер болатынын түсiнуi қажет. Полиция қызметкерлері ата-аналардың назарын өте маңызды мәселеге - балалардың жарақаттануы көбiнде ересектердің немқұрайлылығы салдарынан орын алып жатқанына аударғысы келедi. 2023 жылдың 10 айында балалардың қатысуымен 284 жол-көлiк оқиғасы тіркелді, онда 23 бала қайтыс болса, 353 бала жарақат алған. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі - тасымалдау ережелері бұзылған, яғни балаларды ұстап отыратын құрылғыларсыз автомобильдердегi жолаушылар болып отыр. Жыл басынан бері осындай бұзушылықтарға жол берген 1313 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау – ата-ананың басты міндеті екенін еске салады!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар