Жамбыл облысында биыл агроөнеркәсіпті кешенді субсидиялауға 27,7 млрд теңге бөлінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025
- 129

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда ауыл шаруашылығы мен аграршылардың ел дамуындағы маңызды рөлін ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығында өндірістің 3%-ға артуына байланысты болды. Тірі салмақта ет өндіру 4,1%-ға өсіп, 878,7 мың тоннаға жетті. Сүт өндірісі 4,8%-ға артып, 1,7 млн тоннаны құрады, ал тауық жұмыртқасын өндіру 0,3%-ға өсіп, 2,1 млрд данаға жетті. Өңірлер бойынша ең жоғары өсу қарқыны Түркістан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығының әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. 2024 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 28,3 млрд теңге бөлініп, төленді. 2025 жылға агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 27,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024-2025 жылдары 17 мың жоба жүзеге асырылып, бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Ауыл шаруашылығы мен аграршылардың ел дамуындағы рөлі орасан зор. Қазақстанда, оның ішінде Жамбыл облысында, бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялар арқылы қолдау көрсетілуде. Бұл шаралар ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, ел экономикасының өсуіне және халықтың әл-ауқатының артуына септігін тигізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталады
- авторjambylinfo.kz
- 23 наурыз, 2025
Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарға үндеу жасады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 23 наурыз, 2025