Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорын басшыларын онлайн форматта таңдайды
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
- 99

e-Qazyna.kz платформасында Talapker атты жаңа сервис пайда болды. Ол басшыларды таңдау процесін толықтай автоматтандырып, енді іріктеу тек онлайн жүргізіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Жаңа жүйе құжат тапсыруды жеңілдетіп, адами факторды азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, ашықтықты арттырады. Үміткерлер құжаттарын қағаз жүзінде емес, онлайн тапсыра алады. Ал комиссия өтінімдерді қарап, шешім қабылдауды толығымен электронды түрде жүргізеді. Барлық процесс – түйіндеме жолдаудан бастап, соңғы шешімге дейін – платформа арқылы жүзеге асады. Бұл уақытты үнемдеп, әкімшілік шығындарды қысқартады", – делінген хабарламада.
Talapker Қазақстанның кез келген өңіріндегі мамандар үшін ашық мүмкіндік береді. Іріктеуді әділ өткізуге ықпал етіп, үміткерлер туралы ақпаратты жылдам тексеруге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, мемлекеттік деректер базасымен бірігіп, кадрлық резервті басқару ісін жеңілдетеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 5344 кәсіпорын коммуналдық меншікте, ал 171 кәсіпорын республикалық деңгейде жұмыс істейді. Енді олардың басшыларының басым бөлігі Talapker жүйесі арқылы таңдалады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталады
- авторjambylinfo.kz
- 23 наурыз, 2025
Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарға үндеу жасады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 23 наурыз, 2025