дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 2:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«7 жылға сотталуы мүмкін»: Әзербайжан Қазақстанға күдіктіні экстрадициялады

«7 жылға сотталуы мүмкін»: Әзербайжан Қазақстанға күдіктіні экстрадициялады
скриншот
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалған

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы Әзербайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Әзербайджандағы елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматшасын заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады.

"Аталған тұлға 2023 жылы Алматыда адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды", - делінген хабарламада.

Биыл қаңтарда ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар