бейсенбі, 8 мамыр, 2025 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында сотталғандар қарттар үйінде сенбілік өткізді

Жамбыл облысында сотталғандар қарттар үйінде сенбілік өткізді
Фото: Polisia.kz
Сенбілікті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы Асыл Оразбаев басшылық етті.

Жамбыл облысында сотталған азаматтар қарттар үйінде сенбілік ұйымдастырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Бұл игі шараға қоғамның түрлі санаттары белсене атсалысып жатыр. Санитарлық-тазалық жұмыстарына сот шешімімен кінәлі деп танылып, жазасын өтеп жатқан азаматтар да тартылды.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемеде жазасын өтеуші бір топ азамат №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Бұл күні жазасын өтеушілер қарттар үйінің аумағын күл-қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны абаттандыруға атсалысты. Сауапты іске белсенді қатысқан азаматтар қариялардан алғысқа бөленді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар