сенбі, 3 мамыр, 2025 23:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Доллар бағасы төмендеді

Доллар бағасы төмендеді
Фото - ашық дереккөз
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,28 теңгеге төмендеп, 521,90 теңге болды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 18 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,28 теңгеге төмендеп, 521,90 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,42 теңгеге (+0,05) дейін көтерілді.

Қытайда мереке күні болғандықтан юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 520,9-523,5 теңге, еуро 592-597 теңге, рубль 6,31-6,45 теңге аралығында сатылуда.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 523,2 теңге, еуроны 594,3 теңге, рубльді 6,38 теңге деп белгіледі.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар