сенбі, 10 мамыр, 2025 1:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда медицина мәселелері жөнінде қоғамдық кеңес құрылды

Жамбылда медицина мәселелері жөнінде қоғамдық кеңес құрылды
Фото: Jambylinfo.kz
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов төрағалық етті

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінде өңірдегі медицина мәселелеріне арналған арнайы кеңестің алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кеңестің негізгі мақсаты – өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді саралап, нақты шешімдер қабылдау. Әсіресе медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, ана мен бала өлімін азайту, қаржылық және құқықтық тәртіпті күшейту сынды бағыттарға басымдық берілді.

Отырысқа құқық қорғау және бақылаушы органдар, денсаулық сақтау мекемелері, кәсіпкерлік өкілдері мен қоғамдық ұйымдар қатысты. Тараптар бірлесіп жұмыс істеудің тетіктерін, бақылау мен жауапкершілікті арттыру жолдарын талқылады.

Кеңесте екі негізгі мәселе қаралды. Біріншісі – медициналық ұйымдардағы қаржылық тәртіптің сақталуы мен қарыздардың туындау себептері. Екіншісі – емшара кабинеттеріндегі заңдылық пен қызмет көрсету сапасы.

Жиын барысында саладағы кемшіліктер ашық айтылып, оларды жою бағытында нақты ұсыныстар ұсынылды. Кеңес жұмысы алдағы уақытта да тұрақты жалғасып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталмақ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар