Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып, Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев кірісті", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Жанасыл Шаукентаев 2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарған: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.
Кейінгі жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары болған.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеген.
Мемлекет басшысы Үкіметтің өрескел олқылығын атап өтті
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






