сәрсенбі, 7 мамыр, 2025 9:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Үкіметтің өрескел олқылығын атап өтті

Мемлекет басшысы Үкіметтің өрескел олқылығын атап өтті
@ptrkkz
Маңғыстауға жұмыс сапарымен барған Президент аймақтағы бірнеше мәселе бойынша тапсырмалар берді.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте баяндады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Таза ауыз су мәселесі

– 2023 жылы «Астрахань – Маңғышлақ» магистральді су құбыры жаңғыртылды. Оның су өткізу мүмкіндігі күніне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін артты. Бірақ бұл құбыр батыс аймақтың суға сұранысын толық өтей алмайды. Оның үстіне, құбыр арқылы келетін суды әбден тазарту керек. Сондықтан судың өзіндік құны қымбатқа түседі. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірге осы аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауға тиіс. 

Сондай-ақ шалғайда тұратын малшылардың өз бетімен құдық қазу туралы бастамасын құптарлық іс деп атады.

– Бұл жұмысқа 100 млн теңге қажет деп отыр. Кемінде 50 малшы суға қол жеткізеді екен. Қолдауға болады деп ойлаймын. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев әкіммен бірлесіп бұл мәселені пысықтауы керек.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша:

– Қазір Ақтауға жылуды «МАЭК» компаниясы береді. Бірақ облыс орталығы тез өсіп жатыр. Қаланы жылумен толық қамтамасыз етуге кәсіпорынның қуаты жетпейді. Былтыр Ақтауда ұзындығы 12 шақырым болатын жылу желісі салынып, жаңғыртылды. Нәтижесінде қалаға жылудың дұрыс жетуіне мүмкіндік туды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы туралы:

– Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы. Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар