дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 0:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады

Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың ірі металлургиялық компанияларының бірі – Fujian Hengwang Investment Co.,Ltd басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянмен кездесіп, жоба бойынша жоспарларды талқылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Кездесуде 2024 жылғы қарашада Қытайда өткен инвестициялық дөңгелек үстел аясында жасалған келісімдердің орындалу барысы қаралды. Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында салынатын металлургия комбинатының жалпы құны 1,2 млрд долларды құрайды. Жоба аясында 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Жоспарға сәйкес, 2027 жылы бірінші кезеңде өндіріс қуаты 1 млн тонна болатқа жетіп, оған 160,2 млрд теңге инвестиция салынады. Ал 2029 жылға қарай өндіріс көлемі 3 млн тоннаға дейін ұлғайып, қосымша 312,8 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Өндірісте Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында өндірілетін темір рудасы мен табиғи газ, сондай-ақ әктас пайдаланылатын болады. Кәсіпорында катанка, арматура, құбыр өндірісіне арналған жолақты болат, сондай-ақ бұрышты және профилді болат шығару жоспарланған.

Жобаның екінші кезеңінде металлургия комбинатының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қуаты 350 МВт болатын газ турбиналы электр стансасын салу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа инвестор 201,3 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

Fujian Hengwang Investment Co., Ltd басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцян кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы (DRI) қолданылатынын атап өтті. Бұл әдіс өнімдегі темір құрамын 90%-дан жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді және қазақстандық металлургия саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл жобаның елдің экспорттық әлеуетін кеңейтіп, отандық металлургия саласын жаңа деңгейге көтеретінін айтты. Ол Қазақстан Үкіметі инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға мүдделі екенін және осы мақсатта Үкімет жанынан арнайы Инвестициялық штаб жұмыс істейтінін атап өтті. Үкімет жобаны толық қолдап, оның жүзеге асуына қажетті көмек көрсететін болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар