Қазақстанда салық реформасы аясында БАҚ-ты ҚҚС-тен босату ұсынылды
- авторjambylinfo.kz
- 27 ақпан, 2025
- 259

Құжатқа сәйкес, үкімет негізгі ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді ұсынды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алайда медицина, фармацевтика және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сияқты салалар үшін төмендетілген 10% мөлшерлемесі белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіптік кешен толықтай ҚҚС-тен босатылуы ықтимал.
20 ақпанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеруді көздейтін түзетулер пакеті парламенттің мәжілісіне енгізілді. Негізгі өзгерістердің қатарында ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегін 20 000 АЕК-тен (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін төмендету, сондай-ақ B2C сегментінде жұмыс істейтін бизнес үшін ғана қолжетімді болатын жеңілдетілген салық декларациясын қолдануға шектеу қою қарастырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз