бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 11:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысында жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Фото - ашық дереккөз
Түсіндірме жұмыстары ҚАЖД 58 мекемесінде өтті

  Мекеме бастығы әділет подполковнигі Р.Н.Жапаровтың,сонымен қатар мекеменің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға олардың құқықтары мен міндеттері, талап-қарыздарының өтеу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
  Мұндай іс-шаралар жұмыстары мекемеде сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

Мекеме бастығы әділет подполковнигі Р.Н.Жапаров сотталғандарға ҚР ҚАК-ң 10,11,104,130-баптарын, ҚР ҚК-ң 428,428-1,429 баптарын түсіндіріп берді.

Сонымен қатар жазасын өтеу барысында мемлекетке, мекемеге немесе жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтірген жағдайда сотталғандардың материалдық жауапкершілікке тартылатының және де өз денсаулығына қасақана зиян келтіріп, емделуге жұмсалған қосымша шығындарды өтеуге міндетті екендерің айтып өтті. Іс-шара соңында жазасын өтеушілер өздерін сұрақтарын қойып,толыққанды жауаптарын алды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар