Жамбыл облысында жер сілкінісінен бүлінген баспана саны азайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 сәуір, 2025
- 166

Жамбыл облысында зілзаладан бүлінген баспана саны азайды. Үкіметтік жұмыс тобы тұрғындардан түскен арыздарды қарау барысында кейбір үйдің бұған дейін де тозығы жетіп тұрғанын анықтаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ktk.kz сілтеме жасап.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, әуел баста зілзаладан 122 баспана зақымданды делінген. Алайда нақты бүлінген үй саны 12 болып шыққан.
Мамандар шығын көлемін шығару үшін әлі де сараптама қорытындысы қажет дейді. Өйткені Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданында 17 әлеуметтік нысан зақымданған.
"Екі әлеуметтік нысан және бірқатар тұрғын үйдің зақымданғаны туралы өтініш түсті. Арнайы мамандармен және ғылыми зерттеу институтының және салалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен зерделеу нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады".Ернар Әбілдаев, Меркі ауданы әкімнің орынбасары