Жаңалықтар
Жамбыл облысының әкімдігінде 21 адамға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2024
- 310
Жамбыл облысының әкімдігінде 21 адамға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды
Жамбыл облысында тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 21 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның ішінде: мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық жасағаны үшін – 20, әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 1 және 7 тәртіптік іс тоқтатылған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен әдеп жөніндегі кеңесте айтылды.
Тәртіптік жаза түрлері бойынша: 2 тұлға атқаратын лауазымынан босатылған. Ал 18 қызметкер қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту алған және 1 тұлғаға ескерту жасалған.
«Бүгінгі таңда Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары 100% орындалған, яғни ұсынымдарды негізсіз орындамаған лауазымды тұлғалар жоқ. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралған 28 тәртіптік істің 2-і бойынша лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары расталмауына байланысты, оларға қатысты тәртіптік істер тоқтатылған.»- деп баяндады Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуат Мадиев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жуалы ауданы бір жылда 10 млрд теңге инвестиция тартқан
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақтілді оқушылардың орыстілділерден сауаты төмен - зерттеу
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024