Жаңалықтар
Жуалы ауданы бір жылда 10 млрд теңге инвестиция тартқан
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2024
- 408
Жуалы ауданы бір жылда 10 млрд теңге инвестиция тартқан
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жиында аудан әкімі Жалғас Мұртаза есеп беріп, негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерді, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Оның айтуынша, өткен жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 85,7 млрд.теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқан. Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестиция 10 млрд.теңгеге жетіп отыр.
Облыс әкімі аудан басшылығына ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, туризм саласын дамыту мен аудан аумағындағы мал қыстату қыстақтарының жай-күйін бақылауға алу қажеттігін тапсырды. Бұдан кейін, жуалылықтар көкейдегі сауалдарын жолдады. Олар негізінен елді мекендерді газдандыру, ауыз су, көпір салу, жастарды жұмыспен қамту, мал соятын арнайы орын салу мен экологияға қатысты және өзге де мәселелер көтерді.
“Ербол Қарашөкеев аудан басшылығына азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, жаңа жобаларды жүзеге асыру, көктемгі дала жұмыстарына дайындықты пысықтау, ауылдарды абаттандыру бойынша нақты шаралар қабылдау керектігін баса айтты.”- деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.
Кездесу соңында аймақ басшысы бірқатар тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала