Жаңалықтар
Жамбылда бір тәулікте көктайғақтан 79 адам жарақат алған
- авторjambylinfo.kz
- 23 қаңтар, 2024
- 270
Жамбылда бір тәулікте көктайғақтан 79 адам жарақат алған
Облыста көктайғақ салдарынан құлап жарақат алғандар қатары артты. Бір күннің ішінде өңірдегі травматология орталығына 100-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер әр түрлі жастағы тұрғындар.
– Бір күнде 100-ден астам адам жарақат алса, оның 79-ы көшеде тайып құлап, аяқ-қолын сындырғандар. Бүгінгі күні 2 науқас ауыр жағдаймен ауруханаға жатқызылды, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала