сенбі, 23 қараша, 2024 19:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің саны көбейді

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің саны көбейді
ашық дереккөзі
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің саны көбейді
Алматыда болған жер сілкінісінен кейін 44 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды jambylinfo. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 23 қаңтар, түнгі сағат 00.01-ден бастап таңертеңге дейін 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың арасында басы жарақаттанған, соғылған. аяқ-қолы созылған адамдар бар. “Олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-і емдеуге жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і емдеуге жатқызылды, 5-і амбулаториялық емге жіберілді. Барлық пациенттер қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді”,-деп хабарлайды ДСМ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар