жұма, 12 шілде, 2024 21:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «Дала сұңқары-2024» оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Жамбылда  «Дала сұңқары-2024» оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Ашық дереккөз
«Дала сұңқары-2024» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына Қазақстан Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау қорықшысы полкінің әскери қызметшілері мен Қырғызстан армиясы әскери бөлімшесінің әріптестері қатысып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімінде әскери қызметшілерді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штаб бастығы, оқу-жаттығу жетекшісі полковник Нұрлан Кәрібаев құттықтады. Ол жаттығуға қатысушыларға оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында сәттілік тіледі.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің атынан оқу-жаттығуды ұйымдастырғаны және жылы қабылдағаны үшін Қазақстанның әскери басшылығына жасақ командирі капитан Нұртай Талайбек уулу алғысын білдірді.

Бірлескен оқу-жаттығудың барлық кезеңдері мен элементтері «Теріс Ащыбұлақ» полигонында және Қаратау тауларының шатқалында өткізілетін болады. Аралас контингенттің басты мақсаты: жаттығу жоспары бойынша аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын шартты жауды тауып, залалсыздандыру. Жаттығу 28 маусымға дейін жалғасады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар