Жаңалықтар
Жамбылда соңғы қоңыраудан кейін 70-тен астам оқушы полицияға жеткізілген
- авторjambylinfo.kz
- 27 мамыр, 2021
- 193
Жамбылда соңғы қоңыраудан кейін 70-тен астам оқушы полицияға жеткізілген
Жамбыл облысында соңғы қоңыраудан кейін 70-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілген.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау мерекесіне арналған іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда патрульдік қызмет жасақтарының жұмысын күшейтті, шомылу орындарын да қадағалауға алды.
Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуды, оның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты жағдайды бақылау мақсатында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатарынан жедел штабтар құрылған.
Мобильді топтардың рейдтері барысында ішкі істер органдарына 72 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 76 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін кафе-бардың 2 иесі жауапкершілікке тартылды. Дүкеннің екі иесі-алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, 71 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұтастай алғанда, облыс бойынша іс-шаралар өткізу барысында төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту деректері анықталмады», - деп атап көрсетті облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция полковнигі Қуанышбек Қалжанов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Түлектерден тарту
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024