Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни идеологияның таралуының алдын алу және болдырмау мақсатында педагогтарға арналған облыстық оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Аймақтағы білім ордаларының жауапты мамандарының қатысуымен өткен іс-шараны облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев ашып берді.
Семинарда бала психикасының саулығы және деструктивті діни идеяның бала санасына әсері туралы облыстық психологиялық көмек көрсету орталығының басшысы Райф Ришат дәріс оқыды. Жиында тек дәстүрлі негізде дәрістер ғана оқылмай, тимбилдингтік бағытта да іс-шаралар ұйымдастырылды. 3 залға 60-70-тен бөлініп отырғызылған педагогтарға лекторлар кезек-кезек сабақ өтті. Семинарға келген мамандардың ешқайсысы назардан тыс қалмады.
Сонымен қатар басқосуға республикалық деңгейдегі мамандар арнайы шақырылды. Мәселен, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан тақырып аясында мол мағлұматтар берді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының аға оқытушысы Лолахон Махмеджанова ұтымды ұсыныстар айтты.
– Интернет пен әлеуметтік желілер бүгінде өміріміздің бір бөлшегіне айналып кетті. Шынын айтқанда, әлеуметтік желілердің игіліктерімен қатар зардаптарын да тарта бастағандаймыз. Басты зардаптарының қатарына уақыттың шектен тыс зая кетуі, балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесі мен ойының әлеуметтік желіге ауысуы, жастардың ұялы телефонды ақпарат пен мәлімет көзі ретінде орынды-орынсыз пайдалануы десек, артық айтқандық болмайды.Мектепке дейінгі жаста балалардың діни танымы қиялға жақын болса, мектеп жасынан бастап әлемге, жаратылысқа қатысты жаңа көзқарас қалыптаса бастайды. Балалар мен жасөспірімдер айналаны тануға тырысады. Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің өмірінде көп мәселелер туындауы мүмкін. Ал әлі оң-солын толық танып үлгермеген жас бала мәселелердің жауабын телефоннан іздейді. Дін де телефонның ішіне кіріп кеткендіктен әртүрлі уағыздар мен насихаттар жастарды айналып өтпесі анық.
Жасыратыны жоқ, Қазақстан мектептеріндегі оқушылардың арасында уағыз тыңдайтындардың саны аз емес. Өз кезегінде кейбір жас балалар өздерінің діни өмірін оқушы кезінен бастап кетуге талпынады. Әрі діндар отбасындағы балалар да діни түсініктерден алшақ емес тәрбие алады. Бұл буыны бекімеген жастардың діни сенім мәселесімен ерте кездесетіндігін білдіреді.Қазіргі әлемдегі проблемалар бұрынғы кезеңдердегі мәселелерден ауқымды әрі күрделірек. Олай болатын себебі, қазіргі заманда әлемдік деңгейде жаһандану үрдісі ерекше қарқынмен жүруде. Кейбір елдер дараланып өмір сүру формасын ұстанса да әлемдік үрдістерден ешкім шет қалмақ емес.
Осы орайда жаһанданған әлемдегі діни үрдістер де бұрынғыдан өзгерек.Сонымен қатар қазір жаһандануды өздеріне мүмкіншілік санайтын, жаһанданудың барлық тетіктерін пайдаланып, өздеріне жақтас жинаумен айналысатын, тіпті белгілі бір саяси мүдде үшін діни көзқарастарды жамылған ағымдар көбейді. Мысалы, исламдық бағытта уахабилік-сәләфилік идеолологияның, христиандық бағытта протестанттық ағымдардың арбауына түсіп жатқандар көп. Зерттеу нәтижелеріне қарайтын болсақ, рaдикaлды идеологияны қaбылдaуғa, діни-сaяси экстремизмді тaрaтуғa әсер ететін экзогенді және эндогенді факторлар бар.
Діни идеялaрдың тaрaлуындaғы экзогенді фaкторлaр ретінде мына жағдайларды негізге алуға болады:
Біріншіден, діни-сaяси экстремизм мен терроризм және жат ағым идеялaрының әлеуметтік желілер, кітaптaр, журнaлдaр, aудио- бейнежазбалар aрқылы тaрaлуы қарқынды жүруде.Интернеттің барлық мүмкіншіліктерін игерген жат ағым өкілдері өздерінің пікірлерін әрбір мүмкін жағдайда тықпалауды жақсы игерген. Тіпті өзгенің интернет адресін ашу барысында автоматты түрде басқа мәліметтер ашылатындай етіп немесе қандай да бір іздеу жүргізгенде алдымен өздерінің сілтемелері ашылатындай етіп орналастыруға машықтанған.
Екіншіден, әлемдік держaвaлaрдың өздерінің геосaяси мүдделері үшін әлемдегі басымдықтарын ұстап тұруға немесе ұлғайтуға бағытталған шаралары. Қазіргі кездегі діни-саяси экстремизм мен терроризмнің астарында жатқан мәселенің бірі осы екендігіне ешкім күмән келтірмейді.
Үшіншіден, әлемдік деңгейде табиғи ресурстaр үшін күрестің өсуі, шешілмеген әлеуметтік-экономикaлық мәселелер, экономикaлық дaғдaрыс сaлдaрынaн туындaғaн жұмыссыздық, мемлекетaрaлық қaйшылықтaр бұл үрдісті жеделдетуде.Дәл осы фaкторлар қaзіргі тaңдa ең өзекті болып отырғaнын aтaп өткен жөн. Түрлі конфессиялaр тaрaпынaн, әсіресе рaдикaлды-экстремистік бaғыттaғылaр ғaлaмторды нaсихaт үшін өте белсенді түрде қолдaнaды. Сонымен бірге мұндaй aуқымды aкпaрaттaр aғымын реттеу және бaқылaу өте қиын болудa. Дегенмен бұл бағытта әрбір мемлекет өз мүмкіндігі шеңберінде күресуде. Біздің елімізде де интернеттегі экстремизммен күресудің тың тәсілдері пайда болуда.
Жат ағымдардың таралуындағы эндогенді факторлардың да маңызы жоғары. Бұл факторлардың ең басында еліміздегі «дінге бетбұрыс» үрдісінің қарқынды болуы. Aл Қaзaқстaндa тұрғындaрдың жaртысынaн көбі ғaлaмтор aрқылы «өз бетімен білім aлумен» aйнaлысaды. Екіншіден, нарықтық замандағы ішкі қайшылық, өмірге көзқарастың өзгеруі, адамдар арасындағы әртүрлі өмір салты да жастарды жаңа ізденіске итермелейді. Қазіргі адамдардың басым көпшілігі тез арада көп жалақы алып немесе қысқа мерзімде әл-ауқатын жақсартқысы келеді. Ал материалдық тұрғыдан қол ұшын беруге бейім тұратын ағымдар осы кездерде жастардың қасынан табылып, оларды тез баурап алады. Үшіншіден, бұл жaғдaйғa адамның психикалық күйі де әсер етері анық.
Дін – сенім. Ал әрбір адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Ал жүрекке орныққан сенім адамның өмірінде көбінесе айқындаушы, бағыттаушы қызмет атқарады. Бастапқыда дұрыс сенімге ниеттеніп, теріс көзқарастарды бойына сіңірген адам ол сенімдерінен оңайлықпен арыла алмайды, оның үстіне жамағат психологиясы оларды жеке тұлға ретінде ойлануына мүмкіндік бермейді. Ал ағымның ішіне түскен адам сол ағымның ағысынан шыға алмай, өзінің қалауынша емес, ағым жетекшілерінің нұсқауынша өмір сүруге дағдыланады, – деді спикер.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз