«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: Білім беру саласындағы жаңа стандарттар мен мүмкіндіктер
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 сәуір, 2025
- 213

Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп салынатын болады. Оның 45%-ы ауылдық аймақтарда бой көтереді. Ал 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп өз есігін ашты.
Жобаның мақсаты – балаларға, олардың тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы әрі тегін білім алуға тең мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартып, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатын білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 460 мың орындық 217 жаңа мектептің құрылысы жоспарланып отыр.