Денсаулық
Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген: Алматыда заң бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды
- авторМағжан Орынбасар
- 25 сәуір, 2025
- 160

Оқиға 22 сәуір күні сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында болған
Әлеуметтік желіде жеңіл көліктің жедел жәрдем көлігіне жол бермеген бейнежазбасы тарады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 22 сәуір күні сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында болған.
- Toyota көлігінің жүргізушісі арнайы шамдары қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермей, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 598-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзған. Жергілікті полиция қызметкерлері әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады департаменттен.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Аурудың өзінен бұрын анықтамасы шаршататын күндер өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2025