Жаңалықтар
Желіде Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады
- авторjambylinfo.kz
- 11 қараша, 2024
- 321
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жауап берді
Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпаратты дереу жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Себебі 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеде жазасын өтеп жатыр. Желіде тараған ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды.
Комитет жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын айтып, мұндай қадамға бармауға шақырды.
Тек ресми дереккөздерден ақпарат алуға үндеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз