Елімізде
Ақтөбеде көлік жүргізушісіне 11,5 миллион теңге айыппұл салынды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қараша, 2024
- 328
ҚР ІІМ мәліметінше, бұзушылықтар "Қорғау" жүйесінің көмегімен анықталған
Шетелдік нөмірмен жүрген 35 жастағы ер адам екі ай ішінде ВАЗ-2114 көлігімен қала көшелерінде рұқсат етілген жылдамдықтан бірнеше рет асып түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Айыппұл сомасы шамамен 11,5 миллион теңге. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылған. Азаматтарды Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз! Шетелдік нөмірмен жүрген кейбір жүргізушілер жазадан құтылғысы келеді, бірақ полиция мұндай құқықбұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартады", - деп хабарлады ведомстводан.