дүйсенбі, 9 маусым, 2025 8:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалы ауданында әлеуметтік қолдау жүйесі цифрлық форматқа көшірілуде

Жуалы ауданында әлеуметтік қолдау жүйесі цифрлық форматқа көшірілуде
Фото: Jambylinfo.kz
Жуалы ауданында әлеуметтік қызметтерді жаңа деңгейге көтеретін маңызды жоба іске асырыла бастады.

Атап айтқанда, ауданда "Socium" платформасы мен FSM Social қосымшасы енгізіліп, әлеуметтік көмекті цифрлық форматта ұсыну жүйесі жолға қойылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Цифрландыру жобасы аясында аудан тұрғындарына көрсетілетін қызметтерді жедел, жүйелі және ашық түрде ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл мақсатта жақында аудандық мобильді топ мүшелерінің қатысуымен арнайы оқыту семинары өтті. Онда FSM жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылып, жаңа цифрлық құралдарды пайдалану тәртібі түсіндірілді.

Жобаның басты мақсаты – әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жеңілдету және нақты отбасылармен тиімді жұмыс жүргізу. Бұл үшін бірқатар жаңашыл шешімдер жүзеге асырылуда:

Индивидуалды бағдарламалар (ИПР) автоматты түрде жасалады;

Мобильді топтардың құрамы кәсіби мамандармен толықтырылды;

Мамандар заманауи цифрлық платформалармен жұмыс істеуге үйретілуде.

Аталған бастама аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдауды қолжетімді әрі сапалы етуді көздейді. Цифрлық жүйенің артықшылығы – деректердің бірізділігі, қызметтің жеделдігі және адами фактордың азаюы арқылы әділдікті қамтамасыз ету.

Жуалы ауданында қолға алынған бұл жоба – еліміздегі әлеуметтік саладағы цифрлық трансформацияның жарқын мысалы болмақ.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар