
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.