8 мамырды Жеңіс күні деп жариялаған Трамп: "Біз бәрінен артық үлес қостық"
- авторБақытжан Бекболат
- 2 мамыр, 2025
- 612
Дональд Трамп 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы АҚШ-тың Жеңіс күні деп жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Біздің көптеген одақтастарымыз бен достарымыз 8 мамырды Жеңіс күні ретінде атап өтеді. Бірақ біз бұл соғыста жеңіске жету үшін кез келген елден артық үлес қостық. Сондықтан мен 8 мамырды – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні, ал 11 қарашаны – Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялаймын. Біз екі соғыста да жеңдік. Қуатымыз, батырлығымыз, әскери шеберлігіміз жағынан бізге тең келетін ел болмады. Бірақ біз бұл жеңістерді ешқашан лайықты түрде атап өткен емеспіз. Себебі қазіргі кезде оны дұрыс ұйымдастыра алатын басшылар жоқ. Біз енді жеңістерімізді қайтадан атап өте бастаймыз!" – деді Трамп.
Айта кетейік, 8 мамыр – Еуропа елдерінің көбінде нацизмге қарсы Жеңіс күні ретінде аталып өтеді. Ал 11 қараша – Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні ретінде белгілі.
Ұқсас жаңалықтар
Трамп: Украинада жаңа президенттік сайлау өткізетін уақыты келді
- авторБақытжан Бекболат
- 10 желтоқсан, 2025
Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025






