Бүгін қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?
- авторАрайлы Жақсылық
- 2 мамыр, 2025
- 157

Оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр аралас қар түсуі ықтимал, ал батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауу қаупі бар,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыс аймақтарда ашық, шуақты күн күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді, әсіресе батыс пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы мезгілде тұман түседі, кей өңірлерде түнде 1-3°C шамасында үсік жүруі мүмкін.
Астана: Аспан бұлтты, бірақ ашық мезгілдер де болады. Күндіз ауа температурасы +18…+20°C, желдің екпіні түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с дейін жетуі мүмкін.
Алматы: Ауа райы бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +20…+22°C, жел 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шымкент: Күн ала бұлтты болады. Күндіз +26…+28°C шамасында жылы, желдің жылдамдығы 5-10 м/с аралығында болады.