Әлемде
АҚШ ядролық сынақтарды қайта бастауға дайындалып жатыр
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025
- 291
Трамп Пентагонға ядролық қаруды қайта сынақтан өткізуге пәрмен берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды қайта сынақтан өткізуге дайындық жұмыстарын бастау жөнінде тапсырма берген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Егер бұл шешім жүзеге асса, елде соңғы 33 жылдан кейін алғаш рет ядролық сынақтар қайта жүргізілуі мүмкін.
Reuters мәліметінше, Вашингтонның бұл қадамы Қытайдың қару-жарақ саласындағы күшеюіне жауап ретінде қарастырылып отыр. Трамптың шешімі Си Цзиньпинмен Бусанда өтетін кездесудің алдында жария етілген.
Сарапшылар бұл бастаманың әлемдік ядролық тепе-теңдік пен қауіпсіздік жүйесіне айтарлықтай ықпал етуі мүмкін екенін ескертті.
Келесі мақала






