
Италияда ауа температурасы 38°C-қа дейін жетіп, билік елдің 17 ірі қаласында, соның ішінде Милан мен Римде ең жоғарғы – қызыл қауіп деңгейін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірнеше өңірде түстен кейін ашық аспан астында жұмыс істеуге тыйым салынды.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, Болонья қаласының шетінде автотұраққа бетон құйып жатқан 47 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Сардиния жағажайларында 60 жастан асқан екі ер адам көз жұмды. Ал Палермода көшеде серуендеп жүрген 53 жастағы әйел есінен танып, қайтыс болған.
Италиялық жедел жәрдем қауымдастығының басшысы Алессандро Риккарди аптап күндері ауруханаға жеткізілгендердің саны күрт көбейгенін айтты.
Испанияда ауа температурасы 46°C-қа жетіп, үш адамның өмірін жалмаған.
Францияның энергетика министрі қатты ыстықтың салдарынан екі адамның қайтыс болғанын, тағы 300 адамның ауруханаға түскенін мәлімдеді.
Парижде 40 градус ыстық қайта күтіліп отыр. Қалада Эйфель мұнарасы уақытша жабылды.
Бұған дейін Германия мен Грекияның Крит аралының оңтүстік жағалауында ыстықтан орман өрттері басталғаны хабарланған еді.
Айбек Оралбай жартылай финалға жолдама алды
Ұқсас жаңалықтар
Еуропада тағы бір мемлекет орыс тілінен бас тартып жатыр
- авторБақытжан Бекболат
- 18 шілде, 2025