жексенбі, 15 маусым, 2025 5:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аустрияда қаралы күн: мектепте болған атыс салдарынан 11 адам қаза тапты

Аустрияда қаралы күн: мектепте болған атыс салдарынан 11 адам қаза тапты
Фото: әлеуметтік желідегі X парақшасынан
Аустрияның Грац қаласындағы мектепте болған атыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Олардың қатарында оқ жаудырған күдікті де бар.

Жергілікті Krone басылымының мәліметінше, атыс кезінде ауыр жараланған әйелде ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға 10:00 шамасында BORG атты федералдық мектеп ғимаратында орын алған. Қару қолданған адам – осы мектептің бұрынғы оқушысы, 21 жастағы Аустрия азаматы Артур А. болған. Ол шабуылдан кейін мектептің әжетханасында өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнында он адам қаза тапқан. Олардың ішінде шабуыл жасаушы азаматта бар. Ауыр жараланған тоғыз адам Грацтың аймақтық ауруханасы мен университеттік клиникасына жеткізілген. Алайда олардың бірі кейінірек көз жұмған.

БАҚ мәліметінше, күдікті Аустрияның еңбекпен қамту қызметінде тіркеуде тұрған және жақында курстарға қатысқан.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, ол бұл әрекетті жалғыз өзі жасаған.

Артур А-ның үйінде тінту жүргізіліп, тергеушілер оның өз қолымен жазған хатын тапқан. Онда ол өзін «қоғамнан шеттетілген» және «құрбан» сезінгенін жазыпты. Қазіргі болжам бойынша, шабуылдың себебі – ұзақ уақыт бойы көрген қысым мен қорлық болуы мүмкін.

Шабуыл кезінде ол екі түрлі атыс қаруын қолданған. Бұл қарулар оның атына заңды түрде тіркелген болып шықты. Қазіргі таңда бұл қарулар сараптамаға жіберілді.

Аустрияда ұлттық аза тұту жарияланып, Парламент ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсірілді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар