Әлемде
БҰҰ Армения мен Әзербайжанды қақтығысты тоқтатуға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 30 қыркүйек, 2020
- 147
БҰҰ Армения мен Әзербайжанды қақтығысты тоқтатуға шақырды
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Армения мен Әзербайжанның әскери қимылдарды дереу тоқтатып, келіссөзді бастауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Таулы Карабактағы жағдайға қатысты Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұйым төрағасы Абду Абарри мәлімдеді. Халықаралық құрылым, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының қақтығысты шешуге бағытталған кез келген әрекетін қолдайтынын жеткізді. Еске сала кетейік, Таулы Карабакта өткен жексенбі күні Әзербайжан күштерімен қақтығыс басталып, аймақтағы жағдай шиеленісіп кетті. Баку мен Ереван ахуалдың ушығуына бір-бірін айыптап отыр. Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Таулы Карабак күштері Әзербайжан әскерінің барлық шабуылына тойтарыс берген. Баку бұл мәлімдемені жоққа шығарды.
24.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бекзада өнер, батыр Бекзат
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024