жексенбі, 22 маусым, 2025 13:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Басында сенбедік»: Ғалымдар ВИЧ-ті толық емдеуге жақындады

«Басында сенбедік»: Ғалымдар ВИЧ-ті толық емдеуге жақындады
Pixabay.com
Мельбурн қаласындағы Доэрти институтының зерттеушілері ВИЧ вирусын жасушалардан шығарып алатын жаңа әдіс ойлап тапты. Бұл жасушаларда вирус жасырын күйде қалып, иммунитет те, дәрілер де оған әсер ете алмайтын.

Енді бұл тәсіл ВИЧ-пен күрес тәсілін мүлде өзгертіп қана қоймай, адамзат тарихында алғаш рет оны толық жеңу мүмкіндігін туғызуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

 

Ғалымдар айтуынша, ВИЧ-тің ең үлкен қаупі – оның иммундық жүйеден тығылып қалу қабілетінде. Ол ағзадағы ерекше ақ қан жасушаларында жасырынып жатады. Бұған дейін ешбір дәрі бұл жасушаларға жете алмаған.

 

Австралиялық зерттеушілер алғаш рет осы жасушаларға арнайы мРНҚ молекуласын жеткізе алды. Бұл молекула жасушаға вирус жасырынғанын "хабарлап", оны ашық көрсететін белгі береді. Ол үшін жасушаға оңай сіңетін майлы микрокапсулалар қолданылған.

 

Осылайша, жасырын вирус көзге көрініп, иммунитет пен дәрілер үшін қайтадан қолжетімді болады.

 

«Алғашқы нәтижелер соншалықты керемет болды – біз өз көзімізге өзіміз сенбедік. Қайта-қайта тексерген сайын бірдей нәтиже шықты. Бұл біз үшін шын мәнінде таңғаларлық жағдай болды», – деді зерттеу авторы, доктор Паула Севал.

Бұл әдіс әзірге тек ВИЧ-пен өмір сүретін адамдардың жасушаларында сыналған. Енді жануарларға жасалатын тәжірибелер мен қауіпсіздік тексерістерінен кейін ғана адамдарға клиникалық сынақтар басталуы мүмкін.

Ғалымдар мұны ВИЧ-пен күрес тарихындағы ең басты жаңалық деп отыр – бұған дейін мұндай нәтиже ешқашан болмаған.

Бүгінде әлемде 40 миллионға жуық адам ВИЧ-пен өмір сүреді. Қазіргі емдеу тәсілдері вирусты толық жоя алмаса да, өмірді ұзартуға мүмкіндік береді. Дегенмен, БҰҰ дерегінше, 2023 жылы ВИЧ салдарынан әр минут сайын бір адам көз жұмған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар