Аптаптың беті қайтады: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 5 маусым, 2025
- 3.0k

Алайда синоптиктер 7 маусымнан бастап ауа температурасы төмендей бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл — атмосфералық фронттардың қозғалысы мен жел бағытының өзгеруіне байланысты. «Қазгидромет» және халықаралық метеоқызметтердің деректеріне сүйене отырып, 5–7 маусым аралығындағы еліміздегі ауа райының жалпы көрінісін ұсынамыз.
Тараз
5 маусым: +37°C, күн ашық
6 маусым: +38°C, ыстық, ашық
7 маусым: +26°C, салқындайды, бұлтты
Жамбыл облысында сенбі күні ауа температурасы күрт төмендейді. Мамандар жел мен атмосфералық фронттардың әсерінен күн салқындайтынын ескертуде.
Алматы
5 маусым: +30°C, күн ашық
6 маусым: +32°C, ыстық
7 маусым: +26°C, өткінші жаңбыр, найзағай
Алматыда сенбіде аздаған жауын-шашын күтіледі. Жолда абай болу ұсынылады.
Астана
5 маусым: +25°C, бұлтты
6 маусым: +30°C, ашық
7 маусым: +23°C, жаңбыр жаууы мүмкін
Елордада күн құбылмалы болады – күн бірде ашылып, бірде бұлтты болады.
Шымкент
5 маусым: +38°C, күн ыстық
6 маусым: +34°C, аптап
7 маусым: +29°C, бұлтты, салқындау
Шымкенттегі ыстық ауа райынан кейін сенбі күні температура төмендей бастайды.
Ақтау
5 маусым: +28°C, желді
6 маусым: +31°C, күн ашық
7 маусым: +27°C, жағалауда салқын самал күтіледі
Ақтөбе
5 маусым: +29°C, күн ашық
6 маусым: +32°C, күн ыстық
7 маусым: +25°C, өткінші жаңбыр
Қарағанды
5 маусым: +25°C, күн бұлтты
6 маусым: +31°C, күн ашық
7 маусым: +27°C, күн күркіреуі мүмкін
Өскемен
5 маусым: +25°C, күн бұлтты
6 маусым: +26°C, жаңбыр жаууы мүмкін
7 маусым: +22°C, күн салқын
Орал
5 маусым: +28°C, күн ашық
6 маусым: +30°C, күн ыстық
7 маусым: +26°C, күн бұлтты