Бюджет – 15,8 миллиард доллар
Келесі жылы Жапонияның астанасы – Токиода алауы тұтанатын Олимпиада мен Паралимпия ойындарының жалпы бюджеті 15,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын болды.
Жер-жаһанды шарлаған коронавирустың кесірінен спорттық сайыстардың барлығы да белгіленген уақытында өтпей қалғаны белгілі. Солардың қатарында Олимпия ойындары мен Паралимпиада да бар. Биыл жалауы желбіреуге тиіс айтулы жарыстар келесі жылға шегерілді. Осындай қолайсыздықтардың салдарынан Жапонияға тағы та біраз шығындануына тура келеді. Енді олар байрақты бәсекелерді жоғары деңгейде ұйымдастыруға қажетті қаржы мөлшерін біршама көбейтуді құп көріп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпия ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтсе, Паралимпиада 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады деп күтілуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қауіпті штамм
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024