сенбі, 23 қараша, 2024 12:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Чехияда коменданттық сағат енгізілді

Чехияда коменданттық сағат енгізілді
ашық дереккөзі
Чехияда коменданттық сағат енгізілді

Чехия үкіметі коменданттық сағат енгізілгенін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Чехия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Роман Примуланың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны көбеюіне қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында жергілікті тұрғындарға 28 қазан мен 3 қараша аралығында 21.00-ден 05.00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Министрдің айтуынша, министрлер кабинетінің осы шешімімен барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар мен компанияларға жұмысты home office режиміне ауыстыру ұсынылды.

Сондай-ақ, 27 қазанда Үкіметтің парламентке төтенше жағдай режимін тағы 30 күнге ұзарту туралы ұсыныс айтатыны белгілі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Чехияда 162 866 адамнан коронавирус анықталған, олардың 5613-і ауруханаларда. Пандемия кезінде мұнда 2337 адам қайтыс болған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар