сенбі, 23 қараша, 2024 15:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ешбір ескертусіз жұмыстан шығарып жіберсе не істеуге болады?

Ешбір ескертусіз жұмыстан шығарып жіберсе не істеуге болады?
ашық дереккөзі
Ешбір ескертусіз жұмыстан шығарып жіберсе не істеуге болады?

Қазақстандықтар жаппай жұмыс берушілерге шағымдана бастаған. Басты себеп - жұмыс берушінің қызметкерге алдын ала ескертпей, бір күнде жұмыстан шығарып жіберуі. Осыған орай Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты Тлеужан Кішкенебаев жұмыс беруші қызметкеріне ескертпей жұмыстан шығарып жіберген жағдайда не істеу керегін түсіндірді.

Жұмыс беруші қызметкерді қандай жағдайда заңсыз жұмыстан шығара алады және оны қызметкерге қанша уақыт бұрын ескертуі керек?

Адвокаттың сөзінше, жұмыс беруші қызметкерін жұмыстан босататыны туралы міндетті түрде алдын ала ескертуі керек.

"Жұмыс беруші қызметкеріне жұмыстан шығарылатыны туралы алдын ала екі апта бұрын ескертуі керек. Жұмыс шартында арнайы талаптар тәртібі бұзылған жағдайда не жұмысқа себепсіз кешігіп келу және тағы басқа жағдайларға байланысты жұмыстан шығара алады. Жалпы қызметкерге 15 тәулік бұрын ескертілуі керек", - дейді маман.

Сонымен қатар, адвокат жұмыс беруші алдын ала ескертпей жұмыстан шығарып жіберген жағдайда не істеу керегін түсіндірді.

"Ол үшін жұмыскерлердің құқығын қорғауға арналған Еңбек инспекциясы бар. Бұл жағдайда сол ұйымға жүгіну керек. Қызметкер оны жұмыстан негізсіз шығарып жатқанын және жалақысын бермей шығарып жібергенін айтып шағымдана алады. Еңбек инспекциясына өтініш түскеннен кейін мекемеде тексеріс жүргізіледі. Одан бөлек, әр мекемеде келісу комиссиясы болады. Яғни қызметкердің өзі де жұмыс орнында келісу комиссиясына жүгінсе болады. Комиссия бұл мәселені қарастырады. Комиссияға өтініш түскеннен кейін бір аптаның ішінде қаралып, шешім қабылданады. Ал комиссияның шемімен келіспеген жағдайда тікелей сотқа жүгініп, сол арқылы құқығын қорғауына болады", - дейді Тлеужан Кішкенебаев.

Адвокаттың өзінше, Еңбек инспекциясы да мекеменің қызметкерді заңсыз жұмыстан шығарғаны туралы арызды алып, тексеріс жүргізеді.

"Еңбек инспекциясы қызметкерді қайтадан қабылдау жөнінде талап қоя алады. Комиссия да сондай шешім қабылдай алады. Егер комиссияның шешімі орындалмай жатса қызметкердің сотқа жүгінуіне болады. Ал жалпы жұмыс берушінің қызметкерді алдын ала ескертпей жұмыстан шығарып жіберуі заңсыз", - дейді маман.

Ескертусіз жұмыстан шығарылған жағдайда қызметкерге өтемақы төлене ме?

Бұл жағдайда қызметкер жұмыстан шығарылатыны туралы 15 күн бұрын ескертілгенде ғана өтемақы төленеді.

"Кейде мекемеде жұмысшыларды қысқарту жүргенде не басқа жағдайлар болуы мүмкін. Сол жағдайда өтемақы төленеді. Ол төленбесе Еңбек инспекциясына өтемақы төленбей жатқаны туралы шағымдана алады. Бұл жағдайда да тексеріс жүргізіліп, мекеменің кінәсінің бар-жоғы анықталады. Егер қандай да бір заңсыздық анықталса, айыппұл салынуы мүмкін. Осылайша өтемақыны төлеу талап етіледі. Мекеме ол талапқа да бағынбаған жағдайда қызметкердің сотқа жүгінуге құқығы бар", - дейді адвокат.

Адвокаттың сөзінше, жұмыс беруші қызметкерді себептен себепсіз шығара алмайды.

"Егер қызметкер ешқандай тәртіпсіздік жасамаса, басшылықтың тапсырмасын уақытында орындап отырса, қызметкерді заңсыз жұмыстан шығара алмайды", - деп түсіндірді маман.

  Tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар