жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады

“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
trthaber.com
Салдарынан қаза тапқандар бар

Түркияда тікұшақ аурухана ғимаратына соқтығысып, екі ұшқыш, бір дәрігер және жедел жәрдем қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

TRT Haber дерегінше, Мугла қаласы Ментеше ауданында орналасқан Мугла оқу-зерттеу ауруханасынан ұшып шыққан тікұшақ Антальяға қарай бағыт алған. Алайда ұшу барысында аурухананың төртінші қабатына соқтығысып, жерге құлаған.

Апат туралы хабарлама тарағаннан кейін оқиға орнына көптеген өрт сөндіруші, медицина қызметкері, полиция және құтқарушылар барды.

Мугла губернаторы Идрис Акбийик бірден қайғылы оқиға болған жерге барып, журналистерге түсініктеме берді. Оның сөзінше, апат салдарынан тікұшақта болған екі ұшқыш, бір дәрігер және жедел жәрдем қызметкері қаза тапқан.

Акбийик атап өткендей, ауданды бүгін қалың тұман басқан. Қазір апат себептері анықталып жатыр. Ол аурухана қирамағанын айтты.

Осы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Ал елдің денсаулық сақтау министрі әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

 

— Біздің министрліктің қарамағындағы жедел жәрдем тікұшағы Мугла оқу-зерттеу ауруханасына соқтығысып, жерге құлады. Апат салдарынан біздің төрт әріптесіміз, оның ішінде екі ұшқыш, бір дәрігер және медицина қызметкері қаза тапты. Біз олардың отбасына көңіл айтамыз. Оқиғаны тергеу жалғасуда, тиісті ақпарат жария етіледі, — деді ол.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар