жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шырша құрған мұғалім 5 метр биіктіктен құлап, ауыр халде жатыр

Шырша құрған мұғалім 5 метр биіктіктен құлап, ауыр халде жатыр
Ашық дереккөз
Оны бұл жұмысқа әкімдік күштеген болуы мүмкін

Семейдегі орталық алаңда шырша құру кезінде мұғалім ауыр жарақат, алып, аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден фейсбук желісіндегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оңғар Қабденнің сөзінше, биік жерден құлаған мұғалімнің жағдайы ауыр.

Семейдегі орталық алаңға шырша тігу кезінде 4-5 метр биіктіктен мұғалім құлапты. Қазір ауыр халде реанимацияда жатыр. ЖКХ-ның жұмысында мұғалім не істеп жүр?,- деп ол. 

Ал бұл мәселе қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Олардың бірі - қара жұмысқа жегілген ұстаздың өзін айыптаса, енді бірі - атқарушы билікті сын тезіне алған. 

"Педагог мәртебесі туралы заң" бар емес пе? Неге педагогтар өз құқықтарын қорғамайды? Олар қашанғы қара жұмысқа жегіле бермек?", -деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар