Францияның астанасы Парижде қауіпсіздік туралы заң жобасына қарсы демонстрациялар кезінде ондаған наразылық білдіруші полициямен қақтығысып қалды.
Полиция наразылық білдірушілер дүкен сөрелерін қиратып, бірнеше көлікті өртегеннен кейін көзден жас шығаратын газ қолданған. Сенбіде бүкіл ел бойынша 100-ге жуық митингі жоспарланған болатын. Тұрғындар полиция қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салатын заң жобасына наразылық танытып отыр. Қарсыластар бұл заң баспасөздің полиция қатыгездігін дәйектеуде бостандығын шектейді дейді. Бұл мәселе үш полицейдің қара нәсілді музыкалық продюсерді ұрып жатқан суреттері тарағаннан кейін ушыға түсті. Текетірес бірнеше аптада жалпыхалықтық сипат алып, демонстрациялар Францияның Бордо, Лилль, Монпелье, Нанта және басқа қалаларында да өтті. Алайда үкімет бұл заң жобасы офицерлерді интернеттегі қысымнан қорғауға көмектеседі дейді.
Сенбі күні мыңдаған адам мен «сары жейделер» қозғалысы қатысқан Париждегі бейбіт шерулердің бірі қақтығысқа ұласқан. Наразылық білдірушілердің қатарында қара киім киіп, бетін тұмшалаған бір топ полицияға жарылатын құрылғылар лақтыра бастаған. Париж полициясы наразылыққа шыққандар қатарында 500-ге жуық бүлікші болғанын айтқан. Ішкі істер министрі Джералд Дарманин бұл оқиғаға байланысты 22 адам ұсталғанын хабарлады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тараздағы кафеде телефон ұрлаған күдікті ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024