Тараз қаласының полиция басқармасына 56 жастағы тұрғын өзінің ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған. Әйел адам кафенің үстеліне ұялы телефонын қойып, бір сәтке сыртқа шығып , қайтып оралғанда затының жоғалғандығын айтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен аталған қылмысты жасаған 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон иесіне қайтарылды»,-делінген ведомство хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылда 100-ге жуық үй құсы өртеніп кетті
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2026
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден қуылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2026






