жексенбі, 6 шілде, 2025 1:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Францияның бұрынғы премьер-министрі төрт жыл шартты жазаға кесілді

Францияның бұрынғы премьер-министрі төрт жыл шартты жазаға кесілді
Reuters
France24 дерегінше, Париждің апелляциялық соты Францияның бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фийонды жұбайын жалған жұмысқа орналастырғаны үшін төрт жыл шартты жазаға кескен.

2022 жылы Франсуа Фийон жұбайы Пенелопаға депутат көмекшісі ретінде қызмет тағайындап, ол нақты жұмыс атқармағанына қарамастан мемлекет есебінен миллиондаған еуро алғаны үшін айыпты деп танылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сол кезде сот оны төрт жылға бас бостандығынан айырып, оның бір жылын түрмеде өтеуге, 375 000 еуро айыппұл төлеуге және бес жыл бойы сайлауға қатысу құқығынан айыруға шешім шығарған еді.

Алайда Францияның жоғары апелляциялық соты бұл үкімді жұмсартып, Фийонға толықтай шартты жаза тағайындады – төрт жыл түрмеге отырмайды.

Ал Ұлыбритания азаматшасы болып саналатын Пенелопа Фийонның жазасы өзгеріссіз қалды – екі жыл шартты жаза және 375 000 еуро айыппұл.

Француз басылымдары бұл істі "Пенелопагейт" деп атап, ол Фийонның беделіне елеулі нұқсан келтіріп, 2017 жылғы президенттік сайлауда алғашқы турда жеңіліп қалуына себеп болған. Бұл сайлауда қазіргі президент Эммануэль Макрон жеңіске жеткен болатын.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар